Татарча котлаулар
“Табын җырлары” китабы бүләккә
Табын ашлары рецептлары
Аш су рецептлары

 

Абырой, амандығың арта берсін.

Бақ-дәулет қызығымен қатар берсін,

Қонағың жақсы көрген жиі келіп,

Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.

Осындай ойын-сауық бол берсін,

Үй-іші той-думанға тола берсін,

Өмірдің гүл жайнаған жәннәтындай

Баршаңа бақыт құсы қона берсін.

Осы үйге көп-көп қылып бала берсін,

Балаға таудай талап, сана берсін,

Бәрі де балалардың өнерлі боп,

Бақыты барған сайын жана берсін!

Осы үйге сұлу мінез келін берсін,

Келінге адал ниет, пейіл берсін,

Ақ көңіл, ата-анаға мейірімді боп,

Қызығын бала-шаға түгел көрсін!

Жаныңда жақсы көрген көршің болсын.

(Көршіңіз жақсы болса – бейне төркін),

Ағайын, туған-туыс, жекжаттарың  –

Баршасы сау-саламат, өсіп-өнсін!

***

Тау суындай таусылмас қайрат,

Сыр суындай сарқылмас жігер,

Гүлдей жайқалған ғұмыр,

Гүлдей тербелген өмір тілеймін.

 

Көлдей көңіл тілеймін таусылмайтын,

Өзендей өмір болсын сарқылмайтын.

Аспаның айлы түндей ашық болсын,

Дұшпаның бір өзіңнен қашық болсын.

Айта берсек тілек көп таусылмайтын,

Жаза берсек қалам көп майыспайтын.

Жүректегі тілекті өлең менен

Жеткіземін мен саған шын көңілмен!!

 

Көлдей көңіл тілеймін таусылмайтын,

Өзендей өмір болсын сарқылмайтын.

Аспаның айлы түндей ашық болсын,

Дұшпаның бір өзіңнен қашық болсын.

Айта берсек тілек көп таусылмайтын,

Жаза берсек қалам көп майыспайтын.

Жүректегі тілекті өлең менен

Жеткіземін мен саған шын көңілмен!!

 

Өмір жыры таусылмасын мәңгілік,

Тұрсын алдан арайланып таң күліп,

Бақыт болсын әрқашанда жолығар,

Шаттығыңыз тау суындай молығар.

***

Мейірлі жүзің болсын,

Дархан пейілің болсын.

Қайсар жігерің,

Бауырмал мінезің болсын!

 

Көктемнің күлімдеген күні болшы,

Өмірдің шешек атқан гүлі болшы,

Қуанышты, көңілді өмір сүріп,

Өмірде ең бақытты жандардың бірі болшы!

 

***

 

Тілеймін бақытты өмір ашық аспан,

Жалғанда тілек бар ма одан асқан.

Аман боп жанұяң мен бауырларың,

Жалғансын ақ таңдарын нұрын шашқан!

 

***

 

 

Күміс күлкі жүзіңнен арылмасын,

Болсын дейміз әрдайым бағың басым.

Отбасыңа тілейміз біз амандық,

Жаратқан дәйім Сізді жарылқасын.

 

***

Той-думан болсын өмірің сарқылмайтын,

Бақыт берсін ешқашан таусылмайтын.

Тілейміз сізге саулық, ұзақ ғұмыр,

Орындалсын ой-арман тілегіңіз.

 

 

…. туған күнің құтты болсын!

Ағайын-туысқанмен ортаң толсын.

Бір көрген адам Сізге көңілі толған,

Туысқан бауырларға сыйлы болған.

Тойыңыз әрқашанда тарқамасын,

Өзіңді балаларың арқаласын,

Жасыңа дәл осындай жас қосылып,

Көңілің дариядай жарқырасын.

***

Құдайым көктем берсін,

Көктем берсе – көптен берсін,

Құдайым жаздай берсін,

Жаздай берсе – жазбай берсін,

Құдайым күздей берсін,

Күздей берсе  – үзбей берсін,

Құдайым қыстай берсін,

Қыстай берсе – қыспай берсін!

***

Туған күнге арналған Қайрат Нұртастың әні.

 

Туған күн ең бақытты күн, осы күнде бәріміз жақсы тілек, құттықтаулар айтқымыз келеді, бірақ сөз бергенде қысылып, жеткізе алмай жататынымыз өтірік емес. Осы жағдайда не істеу қажет, әрине тілекті, құттықтауды жаттап алған қажет!

 

Құтты болсын келген туған күніңіз,

Тілекші көп,бізде соның біріміз.

Ортамызда жанашыр боп жүресің,

Болғаннан соң бірге шыққан түбіміз.

 

Үзілмесін өміріңнің жыр – әні,

Бақытыңның өрге тартып бұлағы.

Еңбегіңнің тек зейнетін көре бер,

Келер күннің сәулелі боп шуағы.

 

Ең жылы да мейірімді құттықтау сөздер көңіліңізден шығып, өмір сізді бақыт құшағында аяласын!

 

Туған күнің құтты болсын,

Денсаулығың мықты болсын.

Әр таңың арайлап атып,

Өмірің мәңгі нұрға толсын!

 

Туған күнің құтты,

Денсаулығың мықты.

Жұмысын табысты,

Істерің ілгері болсын!

 

Ана

Ана деген – ұлы есім!

О, Ана!

Неткен ұлы есім ең!

Тұрса да қажып тағдыры,

Бар шаттығым – бала деп,

Тәнін торлап таң нұры,

Мін бақпай ұрпақ өсірген.

Бар қатені кешірген,

Жасайды мәңгі аруана

Жалғасып тарих көшімен.

Асаудай асыл бейнесі,

Кетпейді адам есінен.

Баласын басса бауырына,

Нәр тамған ақ төсінен.

Бармақтай жатқан бақытты

Артық көрген өзінен.

Ол – сәби, сонда жылайды,

Ынтызар көмек сұрайды,

«Іңгә» деген сөзімен.

***

Әлпештеген, аялап асыраған,

Аяулы ана, ақ ниет асыл адам.

Ұрпақ үшін тірлікке нұрын төккен,

Қиын-қыстау күнде де жасымаған.

Сыздағасыз,

Сан рет мұздағасыз,

Шәкіртке де,

Бізге де ізгі анасыз.

Бағымыздың бұлбұлын сайрататын,

Жанымыздың жайлауы Сіз ғанасыз.

Лаулаймыз да, Сіз барда жанамыз да,

Қосып сізді сан әнге, сан аңызға.

Аялаған аққуын айдындай боп

Асыл Ана, жүре бер арамызда!

***

Саған айтар тілек

Таусылма еш жүдеп

Қиналсаң – төз

Жарыссаң – оз

Ойнасаң – ұт

Күрессең – жық

Ешкімді басынба

Басыңнан асырма

Табысқа тасыма

Намысқа жасыма

Ешкімді күн деме

Ешкімді тілдеме

Сөзіңнен танба

Қатарыңнан қалма

Біреуді даттама

Ешқашан кек сақтама

Біреуді сыртынан айдама

Өсекті тыңдама

Шынығып шыңдал

Жақсыдан үлгі ал!

***

Тілеймін баытты мір ашы аспан,

Жаланда тілек бар ма одан асан.

Аман боп жаня мен бауырлары,

Жалансын а тадарын нрын шашан!

***

мір жыры таусылмасын мгілік,

Трсын алдан арайланып та кліп,

Баыт болсын рашанда жолыар,

Шаттыыыз тау суындай молыар.

***

Дайым кктем берсін,

Кктем берсе – кптен берсін,

дайым жаздай берсін,

Жаздай берсе – жазбай берсін,

дайым кздей берсін,

Кздей берсе – збей берсін,

дайым ыстай берсін,

ыстай берсе – ыспай берсін!

***

Той-думан болсын мірі сарылмайтын,

Баыт берсін ешашан таусылмайтын.

Тілейміз сізге саулы, за мыр,

Орындалсын ой-арман тілегііз.

***

Кміс клкі жзінен арылмасын,

Болсын дейміз рдайым баы басым.

Отбасыа тілейміз біз аманды,

Жаратан дйім Сізді жарыласын.

***

Туған күн – ғажайып армандар мен жарқын үміттерге толы өміріңнің жаңа бастамасы. Ондағы бар армандар-тілектерің орындалсын! Туған күніңмен құттықтаймын!

***

Туған күніңізбен! Өміріңіз қашан да көктемдей жарқын әрі шуақты, жаздай жылы әрі жайма шуақ болсын! Көңіліңіздің аспаны ешқашан түнермей, қақаған аяз жаныңызға батпасын! Кешегі батыл мақсаттарыңыз бүгінгі күн шындыққа айналсын!

***

Біздің өміріміз үлкен өзен іспетті. Сіздің қайығыңыздың қиындықтардан жеңіл өтіп, махаббат иірімінде басқаруын жоғалтпай, бақыт сарқырамасына жетуін тілеймін!

***

Бүгін сенің туылған күнің — төл мерекең, қуанышың. Біз сені осы мерекеңмен құттықтап, қуанышыңды бөлісуге келіп отырмыз. Егер қып — қызыл шоққа май тамызсаң лапылдап жанады, ал су тамызсаң бықсып сөнеді. Баурым, сенің бағың сол бір тамшы маймен-ақ жансын, сол бағыңнан шыққан жалын сенін өміріңді жарық етсін! Бақытты бол!

***

Тек қана туған күніңде емес, әр күн сайын мен саған шын жүректен әлемнің бар асылын, жақсылығын, қуанышын, байлығын тілеймін. Ақ қанат армандарың биікке самғап, өміріңнің көгінен орын ала берсін. Шынайы бақыт иесі болуыңа тілектеспін!

***

Туған күніңмен! Кеудеңдегі лүпілдеген моторың ақаусыз жұмыс жасап, жүз жаса!Өмірің ой-шұңқыр мен оқапсыз, кең әрі тегіс болсын! Жолдың шұғыл бұрылыстарынан аман өтіп, өміріңнің рөлін мықтап ұста! Өмір жолың сәтті, шаттыққа толы болсын!

***

Сенің бойыңда көшбасшылық қасиетпен қатар қарапайымдылық пен мейірімділік ерекше үйлесмділікпен кездеседі. Көздеген шыңдарыңды бағындырып, діттеген мақсаттарыңа жетуіңе тілектеспін!

Безнең төймәләр
Дешевый хостинг

Сайтның дуслары

Здоровый образ жизни | .

© 2018-2021.Сайтта кулланылган язмалар, ачык интернет челтәреннән җыелган. Әгәр сезнең язмага авторлык хокукы бар һәм сез аны безнең сайтта булуына каршысыз ягъни бүтән тәкъдимнәрегез булса, "безнең белән элемтә" төймәсе аша хәбәр итүегезне сорыйбыз.